Үздіксіз жұмыс және тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі
Карьерлерде және тау-кен өндіру кәсіпорындарында Geobrugg® инженерлік қорғау технологиялары тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, негізгі инфрақұрылымды, карьер техникасы мен персоналды қорғау үшін қолданылады.
Карьерді торлармен және нагельдік бекітпемен опырылудан қорғау
DELTAX және QUAROX торлары тас құлауға қарсы перделер ретінде және беткей геометриясының өзгеруімен, үгілумен және берма жиектерінің шегінуімен, тектоникалық жарылымдармен әлсіреген учаскелермен және карьер жобасында жиі ескерілмеген басқа да жергілікті құбылыстармен байланысты жартас-опырылу құбылыстары байқалатын жерлердегі тұрақсыз кертпелерді бекітуге арналған құрылымдар ретінде қолданылады.
Карьер борттарын бекіту
TECCO® беткейлерді бекіту жүйесі ең маңызды және/немесе қауіпті учаскелерде барынша сенімді қорғайды. Сондай-ақ карьер бортының жалпы тіктігі артқан кезде негізгі учаскелерде қолданылады.
Тас құлауға қарсы барьерлермен карьердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
Беткейлер қорғаныш торлар үшін тым үлкен болса, тас құлауға қарсы барьерлер негізгі нысандардың, мысалы көлік бермаларының, конвейерлердің, сорғы станцияларының және т.б. қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Карьерді сел мен қар көшкінінен қорғау
Селге және қар көшкініне қарсы барьерлер биік таулы аймақтарда немесе ерекше жер жағдайында орналасқан карьерлерді инженерлік қорғау үшін қолданылады.