Сенімділік, үнемділік және ұзақ қызмет мерзімі TECCO® жүйесіне бүкіл әлемде теңдессіз табыс әкелді: оның көмегімен бірнеше миллион шаршы метр көшкін беткейлері бекітілді. Диаметрі 2 мм, 3 мм немесе 4 мм беріктігі жоғары сымнан жасалған TECCO® торы тіктігі мен геологиялық құрылымына қарамастан кез келген беткейді белсенді бекітуге жарайды. Анкерлерге бекітуге арналған үш түрлі қысқыш тісті пластиналармен бірге TECCO® жүйесі нагель өрісіндегі нагельдер арақашықтығын айтарлықтай арттыруға және сападан айырылмай беткейді бекіту шығындарын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік береді.